Атырау, 27 сәуір 21:03
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіледі ме? Әшімбаев жауап берді

882 просмотра

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына Қазақстаннан бітімгерлік күш жіберу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат отырысында журналистер сауалына жауап берген Әшімбаев қақтығыс аймағы ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағына кірмейтінін айтты.

"Жалпы, бұл жағдайда мынадай мәселе маңызды: Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі. Осыған байланысты сұрақ туындайды: қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін бе? Мұнда біздің позиция анық. БҰҰ жарғысына сәйкес және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың жарғысына сәйкес ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштері, ҰҚШҰ елдері аумағында ғана қолданылылады. Қақтығыс аймағы ұйымға қатысушы елдер аумағына кірмейді. Сондықтан осы шарттарға, ратификацияланған келісімдерге сәйкес ҰҚШҰ шеңберіндегі бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқығымыз жоқ", - деп түсіндірді Сенат спикері.

24 ақпан 2022, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.