Атырау, 28 сәуір 18:30
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жүк көлігін нашақор басқарды

1 598 просмотра

22 ақпан күні сағат 22:50 шамасында қала маңындағы Бесікті ауылының тұсында 57 жастағы жүргізуші  DAF XF 105 жүк көлігімен Атырау-Индер тас жолын бойымен келе жатқанда қарсы жолға шығып, Mitsubishi Pajero автокөлігіне соқтығысты. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалған. 

Көп кешікпей оны полиция ұстап алды. Сараптама оның апиын тұтынудың әсерінен болған есірткілік мас күйде болғанын анықтады.  

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі ("Жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы") және 611-бабының 2-бөлігі ("Жүргізушінің жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 ақпан 2022, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.