Атырау, 8 наурыз 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Атырау облысында бір тәулікте 9 адам COVID-19 жұқтырған

2 029 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 9 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 3 жағдайы расталды, ал, 5 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған, 1 науқас - Жылыой ауданында, анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 6 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 44 адам емделді.

Қазір 346 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 2, модульдік ауруханада - 35, аудандық инфекциялық стационарларда - 10. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

24 ақпан 2022, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.