Атырау, 29 наурыз 04:48
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы: 6 азамат уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды

1 222 просмотра

Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталған 6 азамат уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында айтты.

"Жақында ғана тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұған дейін оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы берілмеді, тек ауыр зардап келген, нақты айтсақ, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар берілді", - деп мәлімдеді Ризабек Ожаров.

Оның айтуынша, 2 адам – Алматыда, 3 адам Шығыс Қазақстан облысында және бір адам Талдықорғанда көз жұмды.

"Сондай-ақ біз Талдықорғанның тағы бір тұрғынына үтік қолдануға байланысты азаптау туралы резонанстық істі алдық, ол әлі күнге дейін тергеу изоляторында отыр", - деді арнайы прокурорлар қызметінің бастығы.

Ол аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатқанын, олардың нәтижесі хабарланатынын айтты, алайда мұндай қылмыстар жаппай сипатқа ие емес.

Сондай-ақ Ризабек Ожаев тәртіпсіздік қатысушыларына қатысты ақпаратты бөлісті. Оның сөзінше, тәртіпсіздікке қатысқандардың басым бөлігі 20-дан 30 жасқа дейінгі жастар.

Оның кейбірі әлеуметтік және саяси талаппен шықса, енді бірі жағдайды пайдаланып, тонау және бұзақылық әрекетін іске асырған.

Күдіктілердің арасында 8 шетел азаматы бар: бесеуі Алматыда, екеуі Шығыс Қазақстан облысында, тағы бірі Жамбыл облысында ұсталды.

"Олар бізге көрші мемлекеттердің азаматтары, Қазақстандағы түрлі ұйымда түрлі жұмыс істейді", - деді Ризабек Ожаров.

23 ақпан 2022, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.