Атырау, 24 желтоқсан 06:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Электрлі қаруды заңсыз сатқан

1 673 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырауда 54 жастағы қала тұрғыны сауда орталықтарының бірінде электрлі қару сатқан. Бұл «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен анықталды.

Белгілі болғандай, бұл қару ішкі істер органдарында тіркелмеген және заңсыз сатылған.

ПД баспасөз қызметінің хабарламасына сай, әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі  («Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы») бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 53 623 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

23 ақпан 2022, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.