Атырау, 25 желтоқсан 13:49
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Доллар бағамы 437 теңгеден асты

1 335 рет қаралды

Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.

Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 437,08 теңге, сату - 438,89 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық банкте 23 ақпанда доллардың ресми бағамы 433,39 теңгеге тең болып тұр.

23 ақпан 2022, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.