Атырау, 25 желтоқсан 15:23
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

ҚР СІМ Украинадан азаматтарды эвакуациялау мәселесін қарастырып жатыр

1 365 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ведомство өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау жолдарын қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Киевтегі елшілігіміз қазір толықтай жұмыс істеп тұр. Ол Украинадағы біздің азаматтармен байланыста. Әрине, оларды ықтимал эвакуациялау жолдары қарастырылып жатыр. Сондықтан қандай да бір соғыс қимылдары бола қалған жағдайда азаматтарымыздан Киевтегі елшілікке жедел хабарласуын сұраймыз.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар әлі де Украинада.

Біздің дипломаттар әлі де сонда. Бірақ, шынында да, бізде соғыс қимылдары болған жағдайда эвакуациялау жоспарлары бар.
22 ақпан 2022, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.