Атырау, 25 сәуір 06:13
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

АҚШ-та қазақстандық әйелді белгісіз біреулер атып кеткен

1 419 просмотра

АҚШ-та қазақстандық әйел өлі табылды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

FOX 9 арнасының мәліметінше, 16 ақпанда кешке Сент-Полдың Пейн Фален ауданындағы пиццерия маңында тұрған көліктен оқ жарақаты бар әйел табылған. Ол ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай қайтыс болған.

Сот-медициналық сараптама әйел Сент-Пол тұрғыны, 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтаған.

HOMICIDE INVESTIGATION UPDATE The Ramsey County medical examiner has identified the woman who was shot and killed last night on the 1000 block of Payne Avenue as Yuliya Li, 34, of Saint Paul, Minn. No arrests have been made. Anyone with information is asked to call 651-266-5650
— Saint Paul Police Department (@sppdmn) February 17, 2022
HOMICIDE INVESTIGATION We’re investigating after a woman was shot and killed on the 1000 block of Payne Avenue tonight. Watch here for information about a media availability. pic.twitter.com/l2jrKEqxBY
— Saint Paul Police Department (@sppdmn) February 17, 2022

Сыртқы істер министрлігі марқұм Қазақстан азаматы екенін растады.

"Биыл 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, отандасымыз оқ жарақатынан көлігінде қаза болған", - деп ҚР СІМ баспасөз қызметі пікір білдірді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны айтылды.

"Қылмыс жасаған күдікті қамауға алынды. Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Юлия Лидің өлімі туралы ақпарат қарулы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық мемориал сайтында да жарияланған.

21 ақпан 2022, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.