Атырау, 7 қазан 19:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау-Индер трассасындағы жол апатынан жеті адам зардап шекті

1 954 просмотра

20 ақпанда сағат 23:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 19-шақырымында жол апаты болды: «Лада Приора» көлігі «Лада Ларгус» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жеті жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында «Лада Приора» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі мас болғаны және көлікті басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Айта кету керек, патрульдік полиция қызметкерлері соңғы екі демалыс күнінде бес мас жүргізушіні анықтады.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған сурет

21 ақпан 2022, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.