Атырау, 24 желтоқсан 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысында бір тәулікте 11 адам COVID-19 жұқтырған

2 218 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 11 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 7 жағдайы расталды, ал, 3 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған, 1 науқас - Жылыой ауданында, анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 8 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 121 адам емделді.

Қазір 509 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 4, модульдік ауруханада - 49, аудандық инфекциялық стационарларда - 12. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

21 ақпан 2022, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.