
Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабына сәйкес, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.
2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
В Атырау -9