Атырау, 24 қараша 22:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Америкалық компания жер бетіндегі бүкіл адамның суретін жинастыруда

1 311 просмотра

ClearView AI мұндай шара бүкіл әлемдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қадағалау жүйесін құруға көмектеседі деп санайды. Бұл бастамаға IT-индустрия алыптары наразылық танытып, сын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ClearView AI бет-әлпетті тану компаниясы инвесторларға өз деректер базасында бір жыл ішінде 100 миллиард адамның фотосуреті болатынын айтты. Ал бұл көлем "әлемдегі барлық дерлік адамдарды идентификациялауға" жеткілікті болады, деп хабарлайды The Washington Post.

Қарабайыр санақ бойынша Жердің әр тұрғынына 14 фотосуреттен келеді. ClearView AI мұндай шара бүкіл әлемдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қадағалау жүйесін құруға көмектеседі деп санайды.

Clearview AI үшін фотосуреттердің негізгі көзі - әлеуметтік желілер мен адамдардың өзі суреттерін орналастыратын әртүрлі веб-сайттар. Суреттер адамдардың келісімінсіз жиналатыны айтылады.

Бұған көшбасшы IT алыптары алаңдаушылық білдірді. Facebook, Google, Twitter және YouTube, рұқсатсыз дерек жинауды дереу тоқтатып, дерекқордан фото-контентті жоюды талап етті. Бұған жауап ретінде Clearview AI өздерінің бұл әрекеті заңды екенін айтып, АҚШ-тың Конституциясының Бірінші өзгерісінде қабылданған норманы алға тартты.

Калифорния, Иллинойс, Нью-Йорк, Вермонт және Вирджинияда аталған компания атына түскен шағымдар көбейген. Нью-Джерсидің Бас прокуроры полицияға ClearView AI технологиясын пайдаланбауды бұйырды.

Швеция билігі өткен жылы осы технологияны қолданғаны үшін жергілікті полиция басқармасына айыппұл салды.

Сондай-ақ, компания атына Канада, Швеция және Ұлыбританияның федералды соттарында ұжымдық, сондай-ақ Франция, Греция, Италия және Ұлыбритания қоғам өкілдері тарапынан шағым қарша борап жатыр.

Австралия мен Франция үкіметтері ClearView-ке базадан өз азаматтарының деректерін алып тастауды бұйырды, ал Австралия компания адамдардың бет-әлпетін пайдалана отырып, оны мақсатты түрде жасырын монетизацияға айналдырған деп мәлімдеді.

Компания қызметі басталғаннан бері өз клиенттерінің тізімін кеңейтті, оның ішінде құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, ФБР және АҚШ әскері де бар.

20 ақпан 2022, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.