Атырау, 2 сәуір 05:05
 ашықВ Атырау +14
$ 451.71
€ 491.64
₽ 5.86

Атырауда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

1 393 просмотра

18 ақпан күні кешкі сағат 20.00 шамасында Атырауда Досмұхамбетов көшесінде Арменияда тіркелген Toyota Sienna көлігінің 47 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінен тыс жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 85 жастағы ер адамды қағып кетті. Ол ауыр жарақат алып, көп ұзамай ауруханада көз жұмды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 ақпан 2022, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.