Атырау, 2 мамыр 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Із-түзсіз жоғалған Бейбарыс тұрғыны өлі табылды

Сурет
3 484 рет қаралды

Бүгін, 18 ақпанда Махамбет ауданында 63 жастағы Бейбарыс ауылы тұрғынының мәйіті табылды. Еске салсақ, ТЖД қызметкерлері мен полицейлер 29 қаңтардан бері оны із-түзсіз жоғалып кеткен адам ретінде іздестірген еді: сол күні кешке ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздеу барысында полицияның кинология қызметінің қызметтік иті Жайық жағалауынан із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Оның басы денесінен бөлініп қалған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

18 ақпан 2022, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.