Атырау, 7 қазан 19:30
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Несиені қайтармағаны үшін өлтірген

1 831 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көпбалалы ананы аяуыз өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 

Істің мән-жайы мынадай. Өткен жылдың наурыз айында 35 жастағы 7 баланың анасы, "Алтын алқа" иегері өзіне ақша қажет болғасын Құлсарының 25 жастағы тұрғынын өз атына  несие рәсімдеп беруге көндірген, ал несие қарызын уақытында өзі төлеп отыруға уәде берген. Алайда, типографияда еден жуушы болып жұмыс істейтін оның қарызды өтеуге шамасы жетпей қалады. Ол З.-ға себебін айтқанымен, ол түсінгісі келмей, ренжіген. Қараша айында оны ашу қысып, әйелді жұмыстан үйіне қайтар жолында күтіп алып, оған бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел сол жерде есін жимастан қайтыс болды. Ал қайтыс болған әйелдің артында жеті бала жетім қалды, үлкені колледжде оқыса, кішісі бес жаста. 

Прокурор сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сот үкім шығару кезінде жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын, жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының шын жүректен өкінуі, өз еркімен келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі және отбасылық жағдайын ескерді. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 ақпан 2022, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.