Атырау, 7 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП төралқасының басшысы болып тағайындалды

1 709 просмотра

Бизнесмен Райымбек Баталов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) төралқасын басқарды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Баталов жұма күні ұлттық палатаның кезектен тыс съезінде ҰКП төралқа басшысы болып сайланды.

Баталов бұған дейін ҰКП төралқасының шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы болған, сонымен қатар ол "Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы" қауымдастығының кеңесін басқарады, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) іскерлік кеңесінің төрағасы болып табылады, сондай-ақ басқа да бірқатар лауазымдарды атқарады. Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің қатарына кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарға дейін "Атамекен" ұлттық палатасының төралқасын Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы – миллиардер Тимур Құлыбаев басқарған болатын. Ол қаңтар айында бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды наразылық акциялары өткеннен кейін ҰКП басшысының өкілеттігін тоқтатты. 17 ақпанда Баталов ұлттық палата президиумы басшысының міндетін атқарушы болғандығы белгілі болды.

18 ақпан 2022, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.