Атырау, 2 мамыр 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

IT-бағытын таңдаған талапкерлер ҰБТ-да ​басқа пәннен тест тапсырады

1 971 рет қаралды

Келесі оқу жылынан бастап IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады, деп хабарлайды Zakon.kz

Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер түседі екен.

Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «математика+физика» орнына «математика + информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады.

2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «математика +информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі.

18 ақпан 2022, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.