Атырау, 7 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

300-ге жуық әскери қызметкер мен полицей қызметін жалғастыра алмайды

1 794 просмотра

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 300-ге тарта әскери қызметкер мен полицей өз қызметін жалғастыра алмайды, деп хабарлайды Sputnik..

Қаңтар оқиғалары кезінде олар ауыр жарақат алды, соның салдарынан мүгедек болып қалуы мүмкін, деп мәлімдеді ІІМ.

Полицейлерді жерге құлатып, таяқпен, каскамен, қолға түскеннің бәрімен ұрған. Барлығы күш құрылымдарының үш мыңнан астам қызметкері зардап шекті, олардың 273-і әлі аурухана төсегінде жатыр, кейбірі – жансақтау бөлімінде.

"Өкінішке қарай, олар енді жұмыс істей алмайды, мүгедек болып қалды деуге болады", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Қарапайым халықтың ішінде екі мыңға жуық адам ауруханаға жүгінген. Алты жүз адамда – оқ жарақаты, 500-ге жуық адамда – пышақ және тағы басқа үшкір затпен жаншылған жарақат.

18 ақпан 2022, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.