Атырау, 7 қазан 19:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Өзін-өзі тану" пәні мектептерде факультатив ретінде өтеді

1 697 просмотра

Мектептерде "Өзін-өзі тану" міндетті пән тізімінен шығарылады. Бұл туралы Sputnik білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрлікке "Өзін-өзі тану" пәнін білім бағдарламалары тізімінен шығару туралы ұсыныстар келіп жатыр.

"Қазір білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді", - деп хабарлады министрлік.

Яғни қыркүйектен бастап "Өзін-өзі тану" пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланған.

Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізіледі.

Айта кетері, "Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасына Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізілген.

17 ақпан 2022, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.