Атырау, 29 маусым 08:14
 дождьВ Атырау +14.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Т​оқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа бірқатар тапсырма берді​

1 824 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

17 ақпан 2022, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.