Атырау, 7 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мас күйде көлік жүргізген әкім жұмыстан қуылды

1 479 просмотра

Әдеп жөніндегі кеңес мас күйінде көлік айдағаны үшін Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаевты жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.

Айта кетері, бұған дейін Әзірбаев митингке шыққандармен кездесуге барған кезде мас күйде көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Сол әрекеті үшін әкім 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Енді ол жұмыстан қуылды.

"Кеңестің кезекті отырысында оны мемлекеттік қызметтен босату туралы бірауыздан шешім қабылданды. Заң мемлекеттік жұмысқа орналасуына шектеу қоймайды. Заңда бұл жағынан тыйым салудың нақты мерзімін белгіленбеген", - деді "Астана" телеарнасына мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Думағұлов.

17 ақпан 2022, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.