Атырау, 7 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бюджет қаражатын жымқырған «Демеу» орталығының қызметкерлеріне үкім шықты

1 144 просмотра

Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Демеу» орталығының бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында, Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.ҚР ҚҚА баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, айыпталушыларға психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражат толық көлемде өтелді. Сот үкімімен айыпталушылар сотталып, оларға екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.ҚР ҚҚА баспасөз қызметі

2021 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "QAMQOR" жедел алдын алу шарасы аясында 5 қылмысты тіркеген.

Жалпы анықталған шығын 32 миллион теңгеден асты.
17 ақпан 2022, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.