Атырау, 7 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"ӨзенМұнайГаз" кәсіпорыны жұмысшыларының жалақысы 30%-ға өседі - "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы

1 968 просмотра

“ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев ереу ілге шыққан “ӨзенМұнайГаз” кәсіпорыны жұмысшыларының басты талабы орындалып, жұмысшылардың жалақысы 30%-ға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алик Айдарбаева жұмысшылар ереуілі басталғанда бірден Маңғыстау облысына барып, жұмысшылар мәселесін шешу бойынша тиімді жолдарды іздестіргенін айтты. 

“Ереуіл басталған күні Маңғыстауға барып, жұмыскерлердің мәселелерін шешу бойынша ықтимал жолдарын талдадық. Келесі күні бұрғылау базасына келіп, жұмысшылармен кездестім. Жыл басында жалақы 10%-ға өскен. Сонымен қатар кәсіподақпен жалақыны тағы 20%-ға, яғни барлығы 30%-ға өсіру бойынша шешім қабылданды. Биыл жалақы бұдан артық өспейді. Жұмысшылар да мұнымен келіседі деп ойлаймын”, – деп мәлімдеді ол журналистермен кездесу барысында. 

Алик Айдарбаев жалақыны 50-60%-ға өсіруді талап еткендер де болғанын мәлімдеді. Ол жұмысшыларды қабылданған шешіммен келісіп, жұмысты әрі қарай жалғастыруға кеңес берді. 

16 ақпан 2022, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.