Атырау, 7 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Orda.kz сайтының бас редакторы белгісіз біреулер үйінің есігінің құлпысын бұзуға тырысқанын айтты

1 107 просмотра
Гүлнар Бажкенова
Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенова 15 ақпанда түнгі сағат 10 жарым шамасында бейтаныс екі ер адам пәтерінің есігінің құлпысын бұзуға тырысқанын хабарлады, деп жазады Азаттық радиосының сайты. 

Журналистің сөзіне қарағанда, сейсенбі күні түнде кішкентай ұлын ұйықтатып жатқан кезде кіреберіс есік жақтан біртүрлі дыбыстар естілген. Есікті ашып қараған кезде бойы ұзын етжеңді екі ер адамның тұрғанын көрген. Олар бірден есікті кері жауып жіберген. Бұдан соң есіктің ішкі құлпысы біраз уақыт істемей қалған.

Журналист Facebook парақшасында полицияның үйіне келген сәтінен видео жариялап, жазған арызының да көшірмесін салып қойған.

Журналист оқиғаны кәсіби қызметімен байланыстырады.

Полиция әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

Қазақстанда журналистер жиі қысымға ұшырап, кәсіби қызметін атқару кезінде кедергіге ұшырайды. Қаңтар оқиғасы кезінде елде Orda.kz және ҚазТАГ агенттіктерінің сайты ашылмай қалған. Журналистер қауымдастығы және баспасөз қорғау ұйымдары сайттардың бұғатталуын сынап, оларды дереу ашуды талап еткен. Қаңтардың соңында аталған ақпарат сайттары қайта ашылды.

“Шекарасыз тілшілер" ұйымының Дүниежүзілік сөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 155-орында тұр және "сөз бостандығы ахуалы қиын" елдер қатарында.

16 ақпан 2022, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.