Атырау, 7 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бас прокуратура анонимді хабарламаларды қабылдайтын сайтты іске қосты

1 654 просмотра

Қазақстан республикасы Бас прокуратурасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен біріге отырып, stopterrorism.kz сайтын іске қосты.

Бұл сайтта азаматтар жыл басында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі қылмыстық әрекеттер туралы немесе өзіне зақым келгені туралы фото-видео және аудиоматериалдарды жүктей алады.

«Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдерді анықтап, видеоматериалдар арқылы қылмыскерлердің бет-бейнесін анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, сall-center 115 арқылы ақпарат жеткізген азаматтарға алғыс білдіреміз», – деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

16 ақпан 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.