Атырау, 19 сәуір 02:41
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ағайынды Таңатаров пен Әділова «ҚазТрансОйлдың» топ-менеджменті қатарынан шығарылды

1 178 просмотра

Ален Таңатаров пен Шара Әділова "ҚазТрансОйл" АҚ топ-менеджментінен шығарылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

"2022 жылғы 11 ақпанда басқарма құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Бас директордың орынбасары Ш.Б. Әділова (2022 жылғы 28 Ақпанда өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату), А. Б. Таңатаров; Бас директордың орынбасары (2022 жылғы 28 Ақпанда өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату); А. С. Майкенов сайланды (2022 жылғы 1 наурыздан бастап Басқарма мүшесі болып сайланды)", – делінген дүйсенбіде Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған хабарламада.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Сәбит Арынов, Ерболат Меңдібаев, Жайық Махин, Жайдарман Исаков және Арман Майкенов. Бұрын Майкенов "ҚазТрансОйл" компаниясының корпоративтік хатшысы болған.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 26 тамызында ҚазТАГ "ҚазТрансОйлдың" өзінің ресми сауалына берген жауабына сүйене отырып, Ален Таңатаров пен Шара Әділова (Таңатарова) бір-біріне туған ағасы мен қарындасы екенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, алдымен 2015 жылы компанияның топ-менеджментіне Әділова, содан кейін – 2019 жылғы 28 маусымда – Таңатаров кірді. Бұл ретте "ҚазТрансОйл" редакцияға жауап бере отырып, компанияның заңы мен жарғысы бұзылмағанын мәлімдеді.

14 ақпан 2022, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.