Атырау, 9 мамыр 01:38
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Айжан Есмағамбетова Қазақстанның бас санитария дәрігері болып тағайындалды

1 153 просмотра

Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-пинистрінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымына тағайындалды".

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2004-2014 жылдары ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2013 жылы ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2014 жылы - ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары.

2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ  тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.

2017 жылы - ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары - ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.


14 ақпан 2022, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.