
Өндірістік кәсіпорындар, соның ішінде мұнай өндіру компаниялары, өндірістік қызмет барысында атмосфераға жіберілетін шығарындыларға рұқсат алатыны белгілі. Экологиялық талаптарды сақтау шеңберінде компания басшылығы қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселесіне жүйелі әрі жоспарлы түрде көңіл бөлу қажет. Шығарындыларды азайту бойынша тиімді шешімдер қоршаған ортаның сапасы туралы тексерілген ақпарат пен компания нысандарында жаңа технологиялар енгізу мүмкіндіктерін жете зерттеу негізінде кешенді түрде қабылдануы керек. Осы ретте, «Атамекен Эко» қоғамдық қорының белсенділері «Теңізшевройл» ЖШС– де (әрі қарай – ТШО) бұл мәселенің қандай деңгейде екендігін білуді,сонымен қатар Теңіздегі ауа сапасына сынама алып қайтуды ұйғарды.
ТШО атап өткендей, қоршаған ортаға әсердіазайтуға бағытталған шаралар 2000-шы жылдан бері жүзеге асып келеді. Содан бері компания шығарындылар көлемін азайтуға бағытталған жобаларға 3 млрд-тан астам инвестиция құйды. Нәтиже-айқын: өндірілген мұнайдың тоннасына шаққандағы қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар қарқыны 65%-ға төмендеді.

- ТШО-ның қызмет аймағына жақын жердегі ауаны қорғауды қамтамасыз ету үшін, компания кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаға технологиялық процестерді басқару, ластау көздерін анықтау және атмосфераға таралатын шығарындыларды азайту бойынша іс-қимылды анықтауға мүмкіндік беретін егжей-тегжейлі талдау жүргізу жатады, - деп түсіндірді кәсіпорынның экологиялық сәйкестік және рұқсат жөніндегі бөлім жетекшісі Алексей Корсюк. .
Атырау облысындағы экологиялық мәселелерді кешенді шешу жөніндегі Жол картасында көрсетілген міндеттердің бірі ірі кәсіпорындарды қоршаған ортаны бақылау станцияларынан «Қазгидромет» РМК-ға ластаушы заттардың концентрациясы мен метеорологиялық көрсеткіштері туралы деректерді онлайн жіберуді қамтамасыз ету және түсетін деректердің уақыт интервалын қысқарту, әрі шектеулі-рұқсатты концентрация (бұдан әрі – ШРК) мөлшерінен асып кетуді автоматты түрде көрсету үшін станциялардағы бағдарламалық жасақтамаларды жетілдіру болатын..

ТШО-ның экологтар тобы бұл тапсырманы уақытында орындады.2021 жылдың қазан айынан бастап, санитарлық қорғаныс аймағы (бұдан әрі – СҚА) шекарасы жанында орналасқан төрт автоматтандырылған қоршаған ортаны бақылау станцияларынан (ҚОБС - Р1, Р3, Р4 және Р5) ауа сапасы туралы деректер онлайн түрде жіберілуде. Санитарлық қорғаныс аймағы территориясында атмосфералық ауаның сапасын бақылау ҚОБС және жылжымалы бақылау посттары арқылы жүзеге асады. ҚОБС-та төмендегі ластағыш заттардың мөлшері анықталады: азот оксиды (NO-NOx); күкірт диоксиды (SO2); күкіртті сутек (H2S); көміртек оксиды (CO); және көмірсутектер (метан).

Тұрғындар Теңіздегі ауаның сапасы туралы деректермен «Казгидромет» РМК жүйесі және «AirKz» мобильді қосымшасы арқылы таныса алады. ТШО мәлім еткендей, , 2020-2021 жылдар аралығында барлық автоматты станциялардағы бақыланатын бес ластағыш заттардың орташа айлық мөлшеріне талдау жұмыс аймағында ШРК-тен асу жоқ екендігін көрсетті. Сондай-ақ, санитарлық қорғаныс аймағының шығыс шекарасына жақын орналасқан барлық үш станцияда (ҚОБС-Р3, ҚОБС-Р4, ҚОБС-Р5) қарастырылған компоненттер бойынша мөлшерлер елді мекендердегі санитарлық нормативтерден аспайды.
- 2020-2021 жылдар аралығында ТШО-ның санитарлық қорғаныс аймағы шекарасындағы атмосфералық ауаны бақылау нәтижесіне жүргізілген талдау барлық бақыланатын ластағыш заттардың шектік рұқсатты конценстрациядан аспағандығын көрсетті, - деп атап өтті Алексей Корсюк . – Бұл жерде кәсіпорынға жақын орналасқан елді мекендердің айтарлықтай қашықтығына (мысалы, Жаңа Қаратон – 70 км, Атырау – 160 км) байланысты елді мекендерде тіркелген атмосфералық ауа сапасының ТШО қызметімен мен байланысы жоқтығын түсінген жөн.
Төменде Қазақстанда бақыланатын қосылыстардың шектеулі-рұқсатты концентрация (ШРК) мөлшерінің атмосфералық ауа сапасының норматив кестесін беріп отырмыз:

Қолданыстағы ауаны бақылау жүйесі ТШО-ға жоспарлау және қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған алдын алу және жеңілдету шараларын іске асыру үшін дұрыс мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ластағыш заттарды анықтауға химиялық талдау жасау үшін ҚР экологиялық заңнамаларына сәйкес атмосфералық ауаның сынамасын алу экологиялық лабораториядан аккредитациядан өткен стационарлық, маршруттық және жылжымалы (алау астындағы) посттарда жүзеге асады.
Ауада шектен тыс шығарындының жоқтығына көз жеткізу үшін компания үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге ауа сынамасын алды. 2022 жылдың 08 ақпанында «Атамекен Эко» қоғамдық қорының жетекшісі Арман Хайруллин Теңіздегі санитарлық қорғаныс аймағы жанындағы үш нүктеден сынама алу жұмысына қатысты. Белсенділер шектеулі-рұқсатты концентрация көрсеткішінің нормадан аспағандығына көз жеткізді.
Арман Хайруллин, «Атамекен Эко» қоғамдық қорының жетекшісі:
- Тарихта алғаш рет қоғам өкілдері ТШО-ның санитарлық қорғау аймағынан ауа құрамының сынамасын алды. Бірінші нүктеде зауыттың теңіз бағытындағы батыс бағындағы нүктеде болдық. Ол жерде міндетті түрде күкірт сутегі бойынша ешқандай ауытқушылықтар көрсеткен жоқ. Өйткені, жел таза даладан келді. Енді қазір біздер бірігіп солтүстік-шығыс бағытқа қарай шыққымыз келген. Сол жақтағы нүктелерді торауылдап. Бірақ, ол жерге жердің балшықтығына байланысты жете алған жоқпыз.

-ТШО Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарды бұлжытпай орындайды және атмосфераға таралатын шығарындының тұрақты түрде азаюына әкелетін заманауи технологияларды пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тиісті шараларды жүзеге асырады. Соңғы жылдары мұнай өндіру көлемі де едәуір артты , - деді Алексей Корсюк.

Атырау облысы экология департаментінің жетекшісі Әлібек Бекмағамбетов:
- Біз мұндай іс-шараны өзге де ірі компаниялардың аумағында жүргізуім керек. Сол арқылы қоғам белсенділері облыстық қазба байлығын пайдаланып отырған компаниялардың қалай жұмыс істеп жатқанын көре алады. Осылайша, ашықтыққа қол жеткіземіз, -дегенді айтты.

ТШО 2019 жылы жұртшылық қабылдаған және Атырау облыстық экология департаменті мақұлдаған ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасына қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жұмысын жүргізді. Бағалау барысында жобаны орындау кезінде ластағыш заттарды шашырату үлгілеуі жүргізілді. Соның ішінде төтенше жағдайға арнап 7 сценарий үлгіленді. Талдау ККЖ-ҰЕҚБЖ іске қосылғаннан кейін қоршаған орта сапасына айтарлықтай әсер болмайтындығын және әсер қазіргі санитарлық қорғаныс аймағымен шектелетіндігін көрсетті. Жақын орналасқан елді мекендер бекітілген СҚА шекарасынан айтарлықтай қашық орналасқандықтан сәйкесінше тұрғын аймақтарға айтарлықтай әсері болмайды.

В Атырау 0