
Компания мұны мердігерлер мен қосалқы мердігерлер басшылығына консорциумның өзі ұсынғанын атап өтеді. Үстемеақы 60 мың теңгені құрады, оны НКОК өтейді.
- NCOC басшылығы мен Солтүстік-Каспий жобасының акционерлері үстемеақыны баршасы (басшылық құрамнан басқасы) үшін тең мөлшерде көтеруді осы мәселедегі әділ тәсілдеме деп санайды, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың 7 мыңнан астам жұмыскері еңбек етіп жатқанын атап өткіміз келеді.
Жоба 1997 жылы қол қойылған Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (СКӨБК) аясында жүзеге асырылуда және NCOC консорциумның жеті мүшесі атынан оның операторы болып табылады.
СКӨБК аясында мердігер аумаққа Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде орналасқан алып Қашаған кен орны кіреді, аумақта Ақтоты және Қайран кен орындары да қамтылған. Жобадағы консорциум мүшелерінің үлесі: KMG Kashagan B.V - 16,88%, Adgip Caspian Sea B.V. - 16,81%, Exxon Mobil Kazakhstan Inc. - 16,81%, Shell Kazakhstan Development B.V. - 16,81%, Total Energy - 16,81%, CNPC Kazakhstan B.V. - 8,33%, және Inpex North Caspian Sea Ltd - 7,56%.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
В Атырау 0