
5 ақпанда Атырауда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қарағандыдан біздің қалаға есірткі тасымалдаумен айналысып келген 32 жастағы Қарағандының тұрғынын ұстады.
Жалдамалы пәтерін тінту кезінде 70 дана синтетикалық есірткі заты және есірткі дайындауға арналған құралдар табылды. Сонымен қатар ол қала аумағында қай жерде жасырып жүргенін көрсетті.
- ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша қылмыстық іс көтерілді. Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ айтқандай, бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
В Атырау 0