Атырау, 22 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры 2 айға қамалды

1 191 рет қаралды

Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша "ПМХЗ" ЖШС-нің дизель отынын өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, "ПМХЗ" ЖШС-нің директоры Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге де мәлімет жария етуге жатпайды.

10 ақпан 2022, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.