Атырау, 7 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Аян Дүйсембаев Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы болды

3 531 просмотра

Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды.

Жаңа лауазымына дейін Аян Дүйсембаев Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі лауазымында жұмыс істей бастады.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы Департаменттің бастығы қызметін атқарды.

2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

10 ақпан 2022, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.