Атырау, 7 қазан 23:21
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылды

1 299 просмотра

Депутат Еділ Жаңбыршин парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және президенттің тапсырмаларын мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентіміздің Қазақстанды жаңартамын, дұрыс арнаға бұрамын деген ақ ниеті бар. Ал, біз, ел болып оны бірауыздан қолдауымыз қажет! Өздеріңізге мәлім қаңтардың 11 жұлдызында президент парламент мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз маңызды мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді қойды. Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және «Жаңа Қазақстанды» құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен парламент қызметінде орын алып, мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт!Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин

Депутаттың айтуынша, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз.Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин

«Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ мүшелері:

1.   Абаканов Е.Н.

2.   Абасов К.Б.

3.   Адамбаев С.Ж.

4.   Адамбеков Т.С.

5.   Әбдіғалиұлы Б.

6.   Әміреев Ғ.М.

7.   Әшімжанов Ж.С.

8.   Бейсенбаев Е.С.

9.   Бижанова Г.Қ.

10. Дементьева Н.Г.

11. Дүйсенбинов Б.С.

12. Елеуов Ғ.А.

13. Еспаева Д.М.

14. Жаңбыршин Е.Т.

15.  Имашева С.В.

16.  Кожахметов А.Т.

17.  Құлахметов Ғ.З.

18.  Құспан А.С.

19.  Мусабаев С.Б.

20.  Нақпаев С.Ж.

21.  Нұр Қ.І.

22.  Саиров Е.Б.

23.  Сарым А.А.

24.  Скакова А.А.

25.  Смаилов Е.В.

26.  Смирнова И.В.

27.  Сүлейменова Жұлдыз Д.

28.  Сүлейменова Зулфия Б.

29.  Ташқараев Ғ.Ә.

30.  Тұрғанов Д.Н.

31.  Хамедов А.М.

9 ақпан 2022, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.