Атырау, 25 шілде 16:24
 дождьВ Атырау +38.5
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Жаңаөзенде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия құрылды

1 298 рет қаралды

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша облыстық комиссия жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен 8 ақпанда Жаңаөзенде мұнай-газ саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылды", - делінген хабарламада.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа, жұмыссыз азаматтар да кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты - бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі тарапқа оңтайлы шешім шығару. 

8 ақпан 2022, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.