Атырау, 7 қазан 23:27
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тоқаев: Қарызға батқан азаматтар мен кедейлер көбейіп барады

1 112 просмотра

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың кірістері арасындағы алшақтықты азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Халықтың табысын арттырып, табыс арасындағы алшақтықты азайту керек. Өкінішке орай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік аударымдар есебінен артты. Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар көп.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін төмендеген. Ал әлеуметтік аударымдар 17-ден 29 пайызға дейін өсті. Осы деректерге сүйене отырып, мемлекет басшысы халықтың кірісі алатын жалақыға емес, бюджеттің жұмсалуына байланысты деген қорытындыға келді.

Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып келеді. Бүгінде 1 миллионға жуық халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, үкімет орташа жалақының өсіп жатқанын хабарлайды. Бұл - көзбояушылық.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
8 ақпан 2022, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.