Атырау, 22 ақпан 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Тоқаев Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізетін құжатқа қол қойды

1 589 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы конституциялық заңдарға енгізілген түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген жарлықта.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдаған болатын. Бұл норма "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған.

Сондай-ақ, заң жобасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар екені айтылған еді.

7 ақпан 2022, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.