Атырау, 8 қазан 01:24
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Атырау облысында бір тәулікте 32 адам COVID-19 жұқтырған

1 393 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардың азайғаны байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 32 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 19 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Ал, 6 - Жылыой ауданында, 1 -  Индер ауданында, 0 - Исатай ауданында, 1 -  Қызылқоға ауданында, 2 науқас Құрманғазы ауданында анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 20 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 12 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 496 адам емделді.

Қазір 3 248 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 16, модульдік ауруханада - 109 фтизиопульманологиялық орталықта - 49 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 48 емделіп жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

7 ақпан 2022, 08:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.