19 қаңтарда басталған Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Атырау» ФК үш бақылау матчын өткізді.
26 қаңтарда "Приштина" біздің командаға қарсылас болды. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. 29 қаңтарда Ирактың олимпиада құрамасымен (0:2), ал 2 ақпанда Ресейдің "Факел" ФҰЛ командасымен (1:1) ойнады.
Тағы бір жаңалық: «Атырау» ФК 23 жастағы ресейлік футболшы Николай ТАРАСОВПЕН келісімшартқа отырды. Ол «Зенит» футбол мектебінің түлегі, орталық қорғаушы. Ресейдің екінші дивизионының клубтарында ойнаған, «Атырауға» «Велес» ФК (Мәскеу) командасынан ауысқан. Transfermarkt оның трансферлік құнын 250 000 еуроға бағалап отыр.
Айнұр САПАРОВА