Атырау, 25 сәуір 05:41
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​«Динамо» спорт залындағы азаптаулар бойынша тергеу Антикорға және арнайы прокурорларға тапсырылды - Бас прокуратура

2 084 просмотра

Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану, билікті асыра пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерге қатысты келіп түскен 148 шағым бойынша тексерулер жүргізіліп, 105-сі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

"Бүгінгі күні прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 148 шағым келіп түсті. 105-сі бойынша қылмыстық іс қозғалды (91 тыйым салынған тергеу әдістері және 14 лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану бойынша). Оның ішінде әлеуметтік желілерде айтылған Атырау облысында «Динамо» стадионында орын алған жағдайлар, Алматы облысында Батырбаевқа қатысты және басқа да фактілер бар. Брифинг кезінде осындай оқиғалардың жан-жақты, толық тексерілуін қамтамасыз ету үшін, олар бойынша тергеу жүргізу жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне (104) және арнайы прокурорларға (1) тапсырылғаны айтылды", - деп хабарлады Е.Қилымжанов. 

Ол сондай-ақ тергеудегі заңсыз әрекеттер туралы шағымдар ерекше бақылауға алып, тексерілетінін еске салды.

Оның айтуынша, осы атқарылып жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылған.

4 ақпан 2022, 22:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.