Пәкістанның оңтүстік-батысында Белуджистан провинциясында 13 лаңкестің көзі жойылып, сонымен қатар жеті әскери қызметші қаза болды, деп хабарлайды 24.kz korrespondent.net сілтеме жасап.
Қауіпсіздік күштері Белуджистан провинциясының Панджур және Нушки округтерінде болған екі шабуылға да тойтарыс берді.
Шабуыл салдарынан төрт террорист жойылып, бір әскери қызметші қайтыс болды. Кейін қауіпсіздік күштері осы аудандарда жасырынған содырларды тазарту және ұстау бойынша операциялар жүргізу кезінде тағы 6 әскери мен 15 адам мерт болды.