Атырау, 8 қазан 03:28
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырауда Toyota Camry мен «жедел жәрдем" көлігі соқтығысып қалды

Сурет
1 734 просмотра

30 қаңтарда сағат 21:40 шамасында Атырауда Досмұхамедов пен Тайманов көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігі бағдаршамның жасыл түсіне қозғалып келе жатқан кезде оң жағынан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп келе жатқан  Lada Largus жедел жәрдем автокөлігіне соқтығысқан. "Жедел жәрдем" көлігі екпінмен жол жиегіндегі жол белгісіне соқты. 

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, "жедел жәрдем" көлігінің екі жолаушысы әр түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет ПД

31 қаңтар 2022, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.