Атырау, 8 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мұзға сырғанау қызық болғанымен қауіпті

Сурет Бейнежазба
2 483 просмотра

Демалыс күндері Жайықтағы мұздің үстінде адам көп, мұнда жүрген балалар да ата ана да көңілді. 

 

Халық қайда, кәсіпкер сонда дегендей, сырғанауға арналған құралдарды, төртаяқты велосипедті жалға берушілер мен попкорн, тәтті мақта сатушылар осы мұз үстінен орын тепкен. 


Сырғанау құралдары 15 минутқа 500 теңгеден беріледі. 

 

Төтенше жағдай қызметкерлері қауіпсіздікті сырттай бақылап, қауіптілігі басым жерлерде жүрген тұрғындарға түсінік жүргізуде. 

Олардың айтуынша, қазір Жайықтағы мұздың қалыңдығы 11 сантиметр. Дегенмен халықтың бір жерге шоғырлануы үшін бұл қауіпті.

- Жұма күні кешкісін ақ ұлпа қар жауған кезде мұз үстіне бір мезгілде 300 адам жиналды, - дейді кезекші құтқарушы Аслан ҚҰМАР. - Оң жақ жағалауда мұздың жарылып жатқандығына байланысты және қауіпсіздік үшін мұзға Атырау ФОК жағажайы жағынан келуді  сұрап,  баспалдаққа қызыл лента тартып қойғанбыз. Бірақ оған халық та, кәсіпкерлер де құлақ асып жатқан жоқ, бұл бекер.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

31 қаңтар 2022, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.