Атырау, 8 қазан 05:30
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Атырау облысында бір тәулікте 556 адам COVID-19 жұқтырған

1 609 просмотра

Өңірде коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны көбейгені байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 556 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 422 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 40 науқас анықталды. Ал, 18 - Жылыой ауданында, 14 -  Индер ауданында, 7 - Исатай ауданында, 20 -  Қызылқоға ауданында, 13 - Құрманғазы ауданында, 12 - Мақат ауданында, 10 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 216 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 20 адам емделді.

Қазір 3948 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 43, модульді ауруханада - 190, фтизиопульманологиялық орталықта - 34 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 65, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 500 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

21 қаңтар 2022, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.