Атырау, 8 қазан 05:26
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырауда әуежай мен теміржол вокзалы бұрынғы жұмыс кестесіне оралды

1 339 просмотра

Атырау халықаралық әуежайы мен теміржол вокзалы тәуліктің кез келген уақытында келетін ұшақтар мен пойыздарды қабылдап, әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.

– Коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты ұшу уақытын реттеудің қажеті жоқ, енді ұшақтар тәулік бойы ұшып, келіп жатыр. Барлық авиакомпания бұрын тоқтатылған рейстерді қалпына келтіруде, мысалы, «FlyArystan» өзінің бұрынғы жұмыс кестесін толығымен қалпына келтірді, - дейді Атырау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары Жаңыл ҮМБЕТЯРОВА.

Атырау теміржол вокзалының басшысы Айгүл КУЛШЫКОВАНЫҢ айтуынша, жерүсті көлігіне қатысты да мәселе жоқ:

– Таңға қарай Алматыдан тек «Тальго» пойызы келеді, түнгі уақытта да алматылық пойыз кетеді, қалған пойыздар күндіз жүреді.

Еске салсақ, бұған дейін коменданттық сағатқа байланысты әуе және теміржол рейстерінің уақыты түзетілген болатын. Барлық түнгі рейстер күндізгі уақытқа ауыстырылды. Қазір бұл қажеттілік жойылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қаңтар 2022, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.