Атырау, 8 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​ Beeline Атырау облысында 100-ден астам жаңа базалық станцияны іске қосып, желінің таралымын жақсартты

2 499 просмотра

Өткен 2021 жылыBeelineАтырау облысында желіні жақсарту жолында белсенді жұмыс істеп, 100-ден астам жаңа базалық станцияны пайдалануға берді.

 Мысалы, оператор Жамансор ауылында (Қызылқоға ауданы) LTE2100 диапазонындағы желіні таратса, Жылыой ауданындағы Прорва және Теңіз кен орындарын LTE800/1800/2100 диапазонындағы желімен қамтамасыз етті.

 Жыл соңына дейін оператор тағы төрт кентте LTE желісін кеңейтуді жоспарлаған еді. Сөйтіп, шапшаң мобильді интернет Миялы кентінде (Қызылқоға ауданы) және Махамбет кентінде (Махамбет ауданы) іске қосылып, LTE1800 диапазоны Құрманғазы ауданының Ақкөл және Котяевка кенттеріне таратылды.

 Одан бөлек,ұялы байланыс операторларының бірімен шерингтен ішінара шығу жұмыстары шеңберінде Beeline Атырау және Құлсары қалаларында, Доссор, Мақат, Құрманғазы, Индербор кенттері мен Теңіз кенішінде 100-ден астам жаңа базалық станцияны іске қосты. Шерингтен толық шығу үшін компания аталған елді мекендерде тағы 40-тан астам базалық станцияны салуды жоспарлап отыр.

Фото: BeelineҚазақстан,Сағыз кенті, Қызылқоға ауданы
 «Біз осы өңірдегі тұрғындар дауыстық байланысты да, мобильді интернетті де еркін қолдана алуы үшін, Атырау облысында желінің үзіліссіз таралуын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Ендігі жоспарымыз – желінің құрылысы қарқынын арттыру. Қолымыздан келетініне сенімдіміз», - дейді Beeline-ныңАтырау қаласындағы техникалық бөлімінің басшысыРуслан Нухин.

 Жоғарыда аталғаннан бөлек, 2021 жылыBeeline компаниясы озық FWA жаңа технологиясын іскеқосты. Бұл – үйдегі сымсыз орнықты интернет, оның басты артықшылығы арнайы бөлінген жиілік пен арнаулы Wi-Fi роутердің арқасында қолжеткізілетін интернеттің аса жоғары жылдамдығы және байланыстың тұрақтылығы. Бүгінгі күні Атырау облысында жаңа технологияны Қызылқоға ауданындағы Сағыз кентінің тұрғындары қолдана алады. Ал Қазақстан бойынша FWAтехнологиясы 16 кент пен шағын қалалардың тұрғындарына қолжетімді.

 Сонымен қатар, «250+» жобасының қатысушысы ретінде Beeline басқа операторлармен бірге Құрманғазы ауданының төрт елді мекенінде (Батырбек, Қоңыртерек, Балқұдық және Сүйіндік кенттері) және Қызылқоға ауданының екі кентінде (Тайсойған және Жамансор) 3G желісін іске қосты.

 Қосымша базалық станциялардың арқасында Батыс Қазақстан тұрғындары мобильді интернетті көбірек қолдануды дұрыс көреді.2021 жылғы үшінші тоқсандағы дерек бойынша, Атырау облысында Beeline абоненттерінің 78%-ы мобильді интернетті қолданса, оның 53%-ы 4G  желісін пайдаланады. Атырау облысының тұрғыны орта есеппен айына 20 ГБ трафик тұтынады, ол 2020 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Сондай-ақ, өткен жылы Атырау облысында мобильді интернеттің жылдамдығы 2020 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 53%-ға артты.

Ranking.kz деректері бойынша, Қазақстан мобильді интернеті арзан топ-10 елдің қатарына кіретінін естеріңізге саламыз. Мобильді интернет сапасы жағынан Қазақстандағы №1 оператор Beeline (Vigo компаниясының деректеріне сәйкес). Қазір Beeline Қазақстанда 10 миллионға жуық абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстандағы ірі 30 салық төлеушінің қатарына кіреді. 

20 қаңтар 2022, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.