Атырау, 8 қазан 07:57
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау: қар күреледі, содан соң еріген қар суы сорылады

Сурет Бейнежазба
2 116 просмотра

Атырауда жақында жауған қарға байланысты көшелер қар мен мұздан тазартылуда.

«Арнаулы автобаза» ЖШС бас инженері Айболат ТӘЖИДЕНОВТІҢ айтуынша, 13 қаңтарда түнгі сағат үште Атырауда, қала маңы мен аудандарда тазалау жұмыстары басталған. Қоқыс полигонына 250 мың текше метр қар шығарылды, 300-ден астам жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылды: 8 трактор, 3 құрама КамАЗ, сондай-ақ вакуумдық машиналар.

14 қаңтарда түске жақын көпірлер мен тротуарларға, қаладағы ауылдық округтерге баратын жолдарға тұз бен құм себуді бастады.

- 16 қаңтарда күндіз қар еріп жатыр, ал бұл қала мен қала маңында еріген қар суын сору жұмыстары басталады деген сөз, - дейді Ә.Тәжиденов.

Айнұр САПАРОВА

Автор түсірген суреттер мен бейнежазба: 14 қаңтар сағат 18:00 орталық көпірде.

17 қаңтар 2022, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.