Атырау, 16 сәуір 21:35
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

1 782 просмотра

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев газ бағасына байланысты ұсталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

"Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады.

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды" делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

15 қаңтар 2022, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған