Атырау, 8 қазан 15:38
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Депозиттегі ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі көтеріледі

1 048 просмотра

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді көтереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жолында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады.

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға, ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1%-ға ұлғайтылды.Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

Осылайша, үш және алты айлық мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер 10,3% - ға дейін көтерілді (9,8% болды).

12 айлық мөлшерлемелер бойынша 10,7%-ды құрады (10,4% болды).

24 айлық бойынша - 9,4% (9,2%).

Бұл ретте мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды - 9,5%.

Жинақ депозиттері бойынша

Үш және алты ай - 13,3% (12,8% болды).

12 ай - 14,9% (13,7%).

24 ай - 12,2% (11,4%).

10 қаңтар 2022, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған