Атырау, 8 қазан 15:36
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні

846 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады, деп хабарлайдыZakon.kz.

"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын,"  – делінген Президенттің 8 қаңтарда шығарған өкімінде.

Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 165 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан:

Алматыда 103 адам (оның ішінде екеуі бала);

Қызылорда облысында 21 адам;

Жамбыл облысында 10 адам;

Алматы облысында 8 адам қаза тапты.

10 қаңтар 2022, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған