Атырау, 8 қазан 15:40
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Халық тараған жоқ. Атырауда Исатай мен Махамбет алаңындағы митинг жалғасуда

1 248 просмотра
4.01.2022 ж. сурет

Әзірге кеше күндіз бақылағандарымды айта кетейін. Микрофонға жақындағандар көліктің жанармай бағасының қымбаттауын ғана айтып қойған жоқ (бұл қымбаттау көптен қордаланған әлеуметтік наразылықты тудыруға түрткі болған сияқты). Олар азық-түлік бағасын төмендетуді, жалақыны көтеруді, несиелік амнистия жасауды талап етті... Макс БОҚАЕВ тәртіп сақтауға шақырып, ішімдік ішкендерге микрофон бермеуге кеңес берді. Бір мас адам «төңкеріс керек» деп айқайлай бастады, бірақ қасында тұрғандар оның микрофонын тартып алды.

...Танымалi жас асаба Жақсылық БАЗАРБАЕВ мәдениет саласы өкiлдерiнiң қазiргi жағдайда үнсiз отырғанын, сондықтан өз сөзiн айту үшiн алаңға шыққанын атап өттi. Сонымен бірге, шектен шыққан талаптарды алға тартпауға және қазіргі бейбіт митингінің бастапқы мақсаты бағаның өсуін тоқтату екенін ұмытпауға шақырды. Жиналғандардың реакциясына қарағанда, оны көпшілік қолдады. Бірақ басқа біреу: «Билік ауыспайынша ештеңе өзгермейді» деді. Көпшілігі «осы жерде соңына дейін тұруға» дайын екенін айтты.

Айнұр САПАРОВА

5 қаңтар 2022, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.